Қылмыс деңгейі 6 пайызға азайған

Қылмыс деңгейі 6 пайызға азайған

Қылмыс деңгейі 6 пайызға азайған
ашық дереккөзі
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады. Кездесуде сала басшылары Елбасыға қылмыстық істерге қатысты 2017 жылдың бес айындағы қорытындысын мәлім етті. Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған шараларды жалғастыру керектігіне тоқталды. «Қылмыс деңгейі 16 пайызға азайған. Сонымен қатар қылмыстық істерді ашу 10 пайызға өсті. 26 мың адам рақымшылыққа ілініп, олардың 1200-сі бостандыққа шықты», – деді Елбасы. Ішкі істер министрі EXPO көрмесі кезіндегі тәртіп пен қауіпсіздікке қатысты атқарып жатқан жұмыстарын баяндап, ішкі істер органдарындағы реформаларға да кеңінен тоқталды. Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен өзге де арнайы органдардың жұмысына оң бағасын беріп, еліміздің ауқымды іс-шараларды өткізуде мол тәжірибе жинағанын атап өтті.