Келімбетов Әзірбайжан банкіне қатысты пікір білдірді
Келімбетов Әзірбайжан банкіне қатысты пікір білдірді
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы, ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов Әзірбайжанның Халықаралық банкіне қазақстандық зейнетақы қаржысының салынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осымен қоғамның алаңдауы тоқтауы қажет деп санаймын. Барлық қаржы толық көлемде қайтарылады. Осыған орай өзім мүше болып саналатын қаржы қорын құттықтағым келеді. Неліктен мен Директорлар кеңесіне мүшемін? Өйткені, мен процесстің бір бөлшегі болдым және қайта құрылымдау процесінің де бөлшегі саналамын. Қазақстанда қайта құрылымдау тәжірибесі бар адамдар көп емес. Сондықтан Үкімет маған өтініш жасады. Қаржы толық көлемде қайтарылады. Жоқ дегенде екінші жолмен. Бүгінгі күні Үкіметтің ұстанымы осындай», - деді Қайрат Келімбетов Астана экономикалық форумы аясында.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Әзербайжанның Халықаралқ банкінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысын қайтару жөніндегі арнайы өкіл тағайындаған болатын.