Қ.Келімбетов: "Үкімет маған өтініш айтты"

Қ.Келімбетов: "Үкімет маған өтініш айтты"

Қ.Келімбетов: "Үкімет маған өтініш айтты"
ашық дереккөзі
"Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің мүшелігіне қабылдануына қатысты пікір білдірді. "Мен неге директорлар кеңесінің мүшесі болдым? Себебі осы процестің бір бөлігі болдым және қайта құрылымдау бойынша процестің бөлшегімін. Осы жұмыста тәжірибесі бар адамдар Қазақстанда көп емес. Сондықтан үкімет маған өтініш жасады", - деді Қайрат Келімбетов Астана экономикалық форумында журналистердің сұрағына жауап беруі кезінде. Айтуынша, БЖЗҚ айналасындағы дауға байланысты шыққан қоғамның алаңдауы енді басылады. "Барлық қаражат (БЖЗҚ сәтсіз инвестиция құйған - Авт.) толық көлемде қайтарылады. Үкіметтің бүгінгі ұстанымы осындай", - деді ол. Ұлттық банктің бұрынғы басшысы, қазіргі "Астана" халықаралық қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбетов жаңа қызметке келген болатын.