Шенген шекарасын күшейтті

Шенген шекарасын күшейтті

Шенген шекарасын күшейтті
ашық дереккөзі
Германия 12 маусымнан бастап өзінің құрлық, әуе, теңіз шекараларында тексерісті күшейтті деп жазады Qazaqtimes. Германия шенген аумағында Еуроодаққа мүше елдермен келісіп, Гамбургте өтетін G20 саммитіне байланысты шекара тексерісін күшейткен. G20 саммиті Германияның Гамбург қаласында шілденің 7-8 күндері аралығында өтеді. Бұған дейін Италия өз аумағында «Үлкен жетілік» саммитін өткізетін кезде шенген аумағында шекара бақылауын күшейткен еді.