АҚШ Сирия келіссөзіне шақырту алмаған
АҚШ Сирия келіссөзіне шақырту алмаған
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Жорж Крол шілдеде Астана қаласында өтетін Сирия келіссөздеріне әлі шақырту алмағандығын айтып отыр. Астана қаласында өтетін Сирия келіссөздерінің кезекті отырысы 4-5 шілдеге жоспарланған деп жазды Qazaqtimes.
Жорж Крол: «Біз әзірге Қазақстан үкіметінен Сирия келіссөздеріне байланысты ешқандай шақырту алған жоқпыз» - деді журналистерге. Қайрат Әбдiрахманов Астана процесiнiң EXPO-2017 көрмесi кезiнде өтуiне ешқандай кедергi жоқ екенін айтқан болатын. Сондықтан, кездесудiң уақыты мен орны өзгермейдi.
Министрдiң айтуынша, EXPO аясында өз алаңында Астана процесiнiң кезектi кездесуiн өткiзуге Қазақстанның әлеуетi жеткiлiктi. Осы уақытқа дейiн Астанада Сириядағы қақтығысты тоқтату мақсатында халықаралық деңгейде бiрнеше кездесу өткен болатын.