Алматы облысында жыл сайын 12 мың адам өз еркімен қан тапсырады

Алматы облысында жыл сайын 12 мың адам өз еркімен қан тапсырады

Алматы  облысында жыл сайын 12 мың адам өз еркімен қан тапсырады
ашық дереккөзі
Алматы облыстық қан орталығында 8,5 мың литр қан қоры бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жыл сайын 12 мың адам өз еркімен қан тапсырып тұрады. Алайда 2 млн тұрғыны бар өңір үшін бұл жетіңкіремейді, - дейді облыстық қан орталығының директоры Нүсіпжан Исаев. Өзі басқарып отырған орталық ұжымы 14 маусым бүкіләлемдік донор күніне арнайы акция ұйымдастырды. Биылғы шараның басты ұраны «Төтенше жағдайлардағы донорлық». Себебі табиғи және техногенді апаттар мен төтенше оқиғалардан кейін адамдарға қан аса көп мөлшерде қажет болады. Акция аясында ұзақ жылдар бойы тұрақты түрде қан тапсырып жүрген донорлар марапатталды. Ауқымды шараға Төтенше жағдайлар департаменті, мемлекеттік қызмет агенттігінің облыстық департаменті, денсаулық сақтау басқармасы және қалалық әкімдік мамандары қатысты. Жалпы тарихқа көз жүгіртетін болсақ, адамға алғаш қозының қаны құйылған екен. Оны Жан Батист Дени есімді дәрігер 1663 жылы тәжірибе қолданған. Ал, адамнан адамға алғаш қан құю процесі 1832 жылы Ресейде жүргізілді.