Велосипедтерді қаланың көлік жүйесіне енгізу ұсынылды

Велосипедтерді қаланың көлік жүйесіне енгізу ұсынылды

Велосипедтерді қаланың көлік жүйесіне енгізу ұсынылды
ашық дереккөзі
«Ақ жол» фракциясы велосипедтерді қаланың көлік жүйесіне енгізуді сұрады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. Агенттіктің хабарлауынша, бұл мәселені Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дания Еспаева көтерді. «Ақ жол» депутаттық фракциясына велосипед спорты қоғамдастығының өкілдері жолығып, велосипедпен жолдағы қозғалыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету жеткіліксіз деңгейде екенін атап өтті. Дания Еспаева ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған депутаттық сауалында: «Соңғы кезде көлік құралы немесе спорттық құрал ретінде велосипедке отырғандырдың саны артуына байланысты олардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары жағдайлары да жиіледі. 2014 жылдан бері велосипедшілерді қағып кетуге қатысты 1200 жол-көлік оқиғасы орын алды. Көп жағдайда осындай жол-көлік оқиғаларының туындауына инфрақұрылымның жоқтығы және велосипедпен жолдағы қозғалысты реттеуде заңнаманың жеткіліксіздігі ықпал етуде», – деп көрсетті. Осы орайда, депутат дамыған көптеген елде велосипед көлігі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Аталған мәселе бойынша «Ақ жол» фракциясы велосипед жолақтарын құру мен велосипедшілер қауіпсіздігі бойынша жол қозғалысы ережесін толықтыру арқылы велосипедті қалалардың көліктік жүйесіне енгізуді сұрады.