20 мыңнан астам адам колледждерде тегін білім алмақ
20 мыңнан астам адам колледждерде тегін білім алмақ
Биыл 20 мыңнан астам адам колледждерде тегін оқиды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Оларды тіпті шәкіртақы мен біржолғы ыстық тамақпен қамту да көзделген. Бұған қоса, қаладан тыс аумақтардан қатынайтындарға жатын орын мен жол шығынын жабуға қаржылай көмек жағы да жоспарланып жатыр. Бүгін қоғамдық кеңес алдында есеп берген Тамара Дүйсенова осындай ақпаратты алға тартты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жоспарында тағы 26 мың адамды қысқа мерзімдік курстарда оқыту да көзделген.
«Қазақстан экономикасын білікті әрі бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуіміз керек. Осы мақсатта жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған азаматтарға тегін кәсіп алуға мүмкіндік туғызатын оқыту мәселесіне ерекше назар аударылады. Осылайша, біз ұзақ мерзімде орнықты даму, қысқа уақыт аралығында қазірдің өзінде жұмыссыздық деңгейін қысқарту сынды бірнеше түйткілдің күрмеуін тарқатамыз», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.