Жаңалықтар

Солтүстік Корея 15 жылға сотталған америкалық студентті босатты

ашық дереккөзі

Солтүстік Корея 15 жылға сотталған америкалық студентті босатты

Солтүстік Корея өткен жылы қабырғадағы үнпарақшаны алып тастағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған америкалық студент Отто Вомбиерді босатты, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, осы іске қатысты мәлімдеме жасаған АҚШ мемлекеттік департаменті қамаудағы тағы 3 азаматты босату туралы келіссөз жүріп жатқанын жеткізді. Еске сала  кетейік, Отто Вомбиер Солтүстік Кореяға 2015 жылы желтоқсан  айында саяхаттап барған. Бірақ шетелдіктерге арналған қонақ үйдің сыртқы  қабырғасындағы саяси үнпарақшаны шіркеу өкілінің сұрауымен жұлып  тастаған. Осыдан кейін жергілікті билік ол дұшпандық ниетпен әрекет етті деп 15 жылға бас бостандығынан айырған еді. «Президенттің жарлығымен  мемлекеттік департамент Отто Вомбиерді бостандыққа шығаруға қол жеткізді. Біз оның денсаулығына қатысты ешнәрсе айта алмаймыз. Қазір тағы үш америкалық азаматты босату жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр», – деді АҚШ  Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон.