Өскемен әкімі қаңғыбастарды қаладан қуды

14 маусым, 2017 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Өскемен әкімі қаңғыбастарды қаладан қуды Өскемен әкімі Қуат Тумабаев тұрғындардың шағымынан соң Үлбі өзенінің жағасындағы үйсіз-күйсіздер жиналған жерге барды, деп хабарлайды YK-news.kz. Порталдың мәліметіне сүйенсек, баспанасы жоқ қаңғыбастар Астана көшесіне жиналып, ішімдік ішіп, жергілікті тұрғындардың үрейін туғызған. Қала басшысы Өскеменнің полиция басшысы және прокурормен бірге сол жерге барып, үйсіз-күйсіз адамдарды Глубоковское ауданы Белоусовка ауылындағы бейімдеу орталығына жөнелтті.