3 жарым жасар қызын аяусыз ұрған әйелге аналық құқығы қайтарылды

3 жарым жасар қызын аяусыз ұрған әйелге аналық құқығы қайтарылды

3 жарым жасар қызын аяусыз ұрған әйелге аналық құқығы қайтарылды
ашық дереккөзі
Баласын аяусыз ұрып-соққан павлодарлық Нұргүл Докуоваға  аналық құқығы қайтарылды,  – деп хабарлайды Астана арнасы. Сот шешімі бойынша 34 жастағы Нұргүл Докуоваға қызы қайтарылды. Әкесі соттың үкіміне қарсылық білдірмеді. Ал баласын аясуыз  ұрған әйелге судья неге мұндай шешім шығаруына 8 айға жуық уақыт аралығындағы айыпталушының өзін жақсы жағынан көрсетуі сеп болғанға ұқсайды. Туған қызын аяусыз төмпештеп, әрекетін камераға түсірген Нұргүл Докуоваға қатысты соттың соңғы шешімі жарияланды. Осыдан алты ай бұрын баласына көрсеткен қатігездігі үшін әйелдің аналық құқығына шектеу қойылған еді. Осы уақыт аралығында Нұргүл Докуова психолог-мамандармен жұмыс істеп, өмірін ретке келтіруге мүмкіндік алды. Анықталғандай, жарты жылдың ішінде ол қызынан еш алыстамаған. Ыңғайы келгенде қасында болып, тәрбиесімен айналысқанын айтты. Ендігі арманы – қос қызымен бірге өмір сүру. Сот отырысында кішкентай Айлинның әкесі шағымданушы тараптың талаптарымен келісті. Қызының жағдайы тәуір екенін айта келе, Ермұрат Қасымов оның анасымен қалуына еш қарсылық білдірмейтінін жеткізді. Сөйтіп сот Нұргүл Докуованы аналық құқығын шектеу туралы шешімнің күшін жойды. Енді үш жарым жасар Айлин Қасымова анасы Докуова Нұргүлге қайтарылып, оның тәрбиесінде болады. Айта кетейік, үш жарым жасар Айлинді ұрып-соғу сәті түсірілген бейнежазба өткен жылдың қазанында ғаламторға жүктелген болатын . Сұмдық таспаны анасы әдейі түсіріп, балғынның әкесі мен ата-әжесіне жіберген. Полицейлер әйелді бірден анықтады. Нұргүл Докуова бұл әрекетін «ауыр эмоциялық қысымнан» жасадым деп, көпшіліктен кешірім де сұрады.