Әлемде миллиардтаған адам энергия тапшылығын тартып отыр
Әлемде миллиардтаған адам энергия тапшылығын тартып отыр
Әлемнің әр бесінші тұрғыны немесе 1,3 миллиард адам энергия тапшылығын сезініп отыр. Тағы 2 миллиардқа жуығы әлі де "ағашты" отын етіп, көмір жағудан өзге энгергия көзіне қол жеткізе алмай келеді деп хабарлады Астанатв телеарнасы.
Бұл қоршаған ортаға тарайтын зиянның орасан екенін, соның кесірінен миллиондаған адамның өміріне балта шабылып жатқанын білдіреді. ЭКСПО аясындағы БҰҰ-ның «Болашақ энергиясы» көрмесінде бас қосқандар таза қуатқа көшетін уақыт жетті деп, бұған өнеркәсіп басшыларын шақырды.
Джихан Сұлтаноглы, БҰҰ-ның ЭКСПО көрмесіндегі бас комиссары:
- Мен, қуат өндіруі кезінде парниктік газдардың шығуын азайту жөнінде практикалық шешімдерді табу үшін, ЭКСПО-ның үкіметтер, климатологтар мен инженерлердің арасында диалог алаңы болады деп үміттенемін. Біз қазір инновациялық дамыған қоғамда тұрамыз, сондай ақ жаңармалы энергия көздеріне де сұраныс жоғары. Қазір бұған бар әлемде сұраныс артып келеді. Егер Үкімет жеке меншік өкілдерімен келісімге келіп, осы саланы дамытса, болашақта арзан әрі тиімді энергия көзіне қол жеткізер едік.