Изади: "АҚШ - ең үлкен террористік ел"
Изади: "АҚШ - ең үлкен террористік ел"
Мұстафа Изадидың мәлімдемесінде: «Біз аймақтағы бір түрлі «Өкілдік соғыс» күштеріне тап болып отырмыз. Бұл Иранның жаңа жасырын күштерге қарсы күрес жүргізуге еріксіз мәжбүр етеді», – деді. Ол және сөзіне елдің рухани көсемі Аятолла Хоменидің сөзіне сілтеме бере отырып, Иран жағының «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымын тікелей қолдаушы АҚШ үкіметі екенін дәлелдейтін құжаттарға қол жеткізгенін айтып өтті. Ол және: «Өкінерлігі – залым қолдаушы мен сұрқия топ көптеген ислам елдерін ішінен ірітіп, күйретіп бітірді. АҚШ болса "Ислам мемлекеті" ұйымының артына жасырынған нағыз террорист ел», – деген пікірін білдірді. Алайда, «Russia Today» телеарнасының 11 маусым кеште таратқан хабарында, Иранның бұл дәлелдемелер мен құжаттарды ашып көрсетпегенін айтып өтті. 9 маусым күні Иран үкіметінің ресми мәлімдемешісі Али Ларижани де осыған ұқсас ескерту жасаған болатын. Ол сөзінде: «АҚШ үкіметі қорқынышты лаңкестік ұйымдарды қолдаушы ең қауіпті ел», – деп кесетті. Десе де, Аятолла Хомени «АҚШ сұрқиялығы ирандықтардың бірлігі мен сенімін бұза алмайды. Ирандықтар сұрқия жаулармен бірлікте күресетін болады», – деген болатын.