Пайғамбарға тіл тигізген азамат өлім жазасына кесілді
Пайғамбарға тіл тигізген азамат өлім жазасына кесілді
Пәкістанда Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізген 30 жастағы ер адам өлім жазасына кесілді, - деп хабарлайды The Guardian.
Басылымның мәліметі бойынша, Таймур Раза сунниттік діни рәсімдер мен пайғамбардың әйелдері туралы өз ойын жазған.
Бұл жағдай Facebook желісінде ислам туралы пікірталас кезінде болған. Ал Разамен дауласқан адам лаңкестікке қарсы агенттік қызметкері болып шыққан. Осыған байланысты сот Таймур Разаны дарға асу туралы шешім шығарған. Бұл жағдай осы елдегі пікір білдіру үшін тағайындалған ең ауыр жаза болып отыр.
The Guardian журналистері Пәкістан үкіметі кейінгі кезде Желіде дінге тіл тигізушілермен қатаң күресіп келе жатқанын атап өтті. Осылайша, билік өкілдері Google, Facebook және өзге корпорациялардан әлеуметтік желіде дінге тіл тигізушілерді анықтап беру турды сұраған.