«Даму» Қоры «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алғашқы субсидия берді
«Даму» Қоры «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алғашқы субсидия берді
«Даму» Қоры «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылыс компаниясына алғашқы субсидия берді. «Соллерс» ЖШСқұрылыс компаниясы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша субсидия алды. 14 пайыздық жылдық мөлшерлеменің 7 пайызын «Даму» Қоры субсидиялайды.
Несие «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы беріледі. 400 млн теңге 3 жыл мерзімге берілді. Компанияның өз қаражаты 102 млн теңге, жобаның жалпы құны 502 млн теңге.
Бөлінген қаражыға құрылыс компаниясы Ақтөбеде жалпы аумағы 3 771 м2 (54 пәтер) болатын 9 қабатты тұрғын үй кешенін салмақ. «Нұрлы жер» бағдарламасы мен «Сбербанк» АҚ ЕБ және «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасындағы талап бойынша жаңа кешеннің 27 пәтері Тұрғын үй құрылыс жинақ банк салымшыларына шектеулі бағамен беріледі. Осылайша, құрылыс аяқталған соң аталған банк салымшылары шаршы метрі 140 мың теңге болатын пәтерлерге қол жеткізе алады. Ақтөбедегі бұл жаңа тұрғын үй кешені 1017 жылы 15 тамызда пайдалануға беріледі.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бағыттарының бірі – жеке компанияларды құрылыс жұмыстарын жүргізуге ынталандыру. Есесіне екінші деңгейлі банк несиесінің сыйақы мөлшерлемесі субсидияланады. Бұл - халықтың қол жетімді пәтерге ие болуына мүмкіндік береді»,-деді «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.
«Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында тұрғын-үй құрылысы саласы мен ипотекалық несиелеу нарығында оң өзгерістер байқалады. Біздің банк Қазақстан үшін әлеуметтік маңызы жоғары болып тұрған осы бағдарлама бойынша жұмыстарын жеделдетті. Мұнымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыру – ел экономикасын көтеруге көмектеседі. Себебі өндірістегі бір жұмыс орны айналасына жеті жұмыс орнының ашылуына сеп болады»,-деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Александр Камалов.
Естеріңізге сала кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы жеке құрылыс компанияларға ҚР Ұлттық банк белгілеген 16% сыйақы мөлшерлемесімен несие беруді көздейді. «Даму» Қоры 7%-ын субсидиялайды. Компания қалған 9%-ды өтейді. Субсидиялар тұрғын-үй құрылысымен айналысып жүрген кәсіпкерлердің жаңа несиелеріне беріледі.
Анықтама үшін:«Соллерс» ЖШС Қазақстандағы құрылыс нарығында 2010 жылдан бері істеп келеді. Негізінен тұрғын-үй, коммерциялық және өндірістік мақсаттардағы ғимарттарды салу, құрастырумен айналысады.«Соллерс» компаниясы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік жолы құрылысында қосымша мердігер ретінде де қызмет көрсетті. Сондай-ақ «АЗХС» АҚ үшін түрлі бағыттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының мердігері. 2016 жылы компания «Қазақстан ипотекалық компаниясы ИҰ» АҚ үшін құны 3 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік салды.
«Даму» Қоры – бұл ұлттық даму институты, 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – ШОБ сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.