Қазақстандық екі әуе компаниясы Еуропаға ұшуға рұқсат алды

Қазақстандық екі әуе компаниясы Еуропаға ұшуға рұқсат алды

Қазақстандық екі әуе компаниясы Еуропаға ұшуға рұқсат алды
ашық дереккөзі
«Эйр Астана» АҚ-дан бөлек Қазақстанның тағы екі әуе компаниясына Еуропаға ұшу туралы рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Биылғы 1 маусымда «PrimeAviation» АҚ мен 12 маусымда «KazAirJet» АҚ әуе компаниялары EASA-дан (Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық авиациялық агенттік) барлық қажетті рәсімдерден сәтті өткендері туралы және еуропалық талаптарға сәйкес келетіндігі жөнінде жазбаша рұқсат алды»,-делінген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде. Бүгінгі күні «қара тізімде» қазақстандық әуе компаниялары жоқ. Айта кетейік, Еуропалық одаққа үшінші елдерден рейстерді жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдың сәуір айында Еуропалық комиссия үшінші елдер эксплуатанттарының авторизациядан міндетті түрде өту талабын енгізген болатын. Аталмыш авторизациялау рәсімін EASA жүзеге асырды. Эксплуатантты авторизациялау рәсіміне сәйкес, EASA-ге рейсті орындаудың алдында ертерек тапсырыс беріп қою керек. «SCAT» әуе компаниясы алғашқы авторизация тапсырысын 2015 жылдың 25 мамырында берген. Өткен жылдың соңында қазақстандық әуе компаниялар үшін Еуропаға ұшуға қойылған шектеу ресми түрде алынып тасталғаннан кейін, 2017 жылдың 11 сәуірінде EASA мен «SCAT» АҚ өкілдерінің техникалық-кеңестік кездесуі болды. Сараптама нәтижесі бойынша EASA «SCAT» әуе компаниясына бірқатар ескертулер жасады. Эксплуатант ескертуге сәйкес тиісті жұмыстар атқарып, кемшіліктерді жоятын болады. Осылайша, бүгінгі күні отандық «AirAstana» АҚ, «PrimeAviation» АҚ және «KAZ AIR JET» АҚ әуе компаниялары EASA авторизациясынан сәтті өтіп шықты.