Жаңалықтар

Әлеуметтік тұрғын үйге салынатын салық темендейді

ашық дереккөзі

Әлеуметтік тұрғын үйге салынатын салық темендейді

Мүлік салығының мөлшерлемесі жеті есе төмендемек. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, бұл салық әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй бағдарламасының қатысушылары үшін азайтылатын болады. «Бүгінгі таңда бұл салық 1,5% мөлшерлемесінен есептелінеді. Салық кодексіне тиісті түзетулер енгізілгенін және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енетінін хабарлағым келіп отыр. Кейінгі сатыл алу арқылы жалдамалы тұрғын үйді алған және сонда тұрып жатқандар үшін салық мөлшерлемесі жеті есе — 1,5%-дан 0,25%-ға дейін төмендетіледі», — деп мәлімдейді.

Қазақстандықтар ұсынылатын тұрғын үйдің меншіктенушісі — Қазақстан ипотекалық компаниясының желісі бойынша салықты заңды тұлға ретінде 1,5% мөлшерлемесі бойынша төлеуге мәжбүр. Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша салық жеке тұлға атынан 0,25% төмендетілген мөлшерлеме бойынша төленеді. «Мұнда азаматтарға заңды тұлға ретінде салмақ түседі, себебі Қазақстан ипотекалық компаниясы заңды тұлға. Бұны болдырмау үшін салық кодексіне өзгертулер енгізілді.

Мысалы, 50 шаршы метр пәтерді алатын болсақ, 1,5% орташа салық мөлшерлемесі шамамен 10 мың теңгені қамтиды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 мың теңге жеті есе азаяды, осылайша салық шамамен 1000-1500 теңге болады», — деп есептеп берді Қ.Бишімбаев.Ұлттық холдинг басшысының айтуынша осы жылдың алғашқы төрт айының ішінде қазақстандықтарға 2437 пәтер берілген. «6 мамырдағы жағдай бойынша біз 5416 пәтерді салу және сатып алуға қатысты қосымша шарттар жасалды. Осы көлемнен 2015 жылы пайдалануға 4600 пәтер беріледі деп күтілуде. Шамамен 820 пәтер 2016 жылы беріледі», — деді Қ.Бишімбаев.