Сот Британияда ағылшын құқығынан сабақ алуда

Сот Британияда ағылшын құқығынан сабақ алуда

Сот Британияда ағылшын құқығынан сабақ алуда
ашық дереккөзі
Қазақстандық сот саласының мамандары Ұлыбритания астанасында ағылшын соты тәжірибесінің қыр-сырын меңгеріп жатыр. Лондон университетінің Құқық мектебінде осында білім алып жүрген отандық судьялардың академиялық оқуының ресми тұсаукесері өтті. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.  Тұманды Альбионда өткен шара барысында ұсынылған бағдарлама қазақстандық мамандарды әлемнің ең озық оқу орталықтарында оқытуға арналған арнайы квота аясында әзірленген. Мерзімі жарты жыл, яғни сәуір мен қыркүйек айлары арасында академиялық және тәжірибелік бағытта өрбиді. 10 апта теория жүзінде, ал тәжірибе 5 апта. Мұның бәрі Ұлыбританияның озық заң және адвокаттық кеңселері мен соттарында жүргізіледі. Мәдиар Балкен, ҚР Жоғарғы сотының судьясы: - Оқыту бағдарламасына сәйкес, қазақстандық судьялар мен мамандар ағылшын құқықтық жүйесiмен танысады. Бағдарлама барысында коммерциялық, банктік, қаржы құқығы, сонымен қатар инвестициялық және корпоративтік құқық, арбитражбен бітімгершілік рәсімдер, ағылшын соттарында іс жүргізу қарастырылған. Ағылшын сот тәжірибесін меңгеру «Астана» халықаралық қаржы қорын құруға бағытталған жобаның құрамдас бөлігі ісепттес. Ал қаржы қорының ағылшын құқығы принциптеріне негізделгені белгілі. Судьялар алған білімін қор жанындағы соттың тиімді жұмыс істеуіне, инвестициялық даулардың әділ шешілуіне және ел экономикасына инвестиция тартылуына жұмсамақ. Англия және Уэльс заң қоғамы өз кезегінде Қазақстан үшін тек жоғары сапалы мамандар даярлау ғана емес, құқық жүйесінің тиімділігін арттыру бағытында да байланыс орнатуға дайын екендіктерін жеткізді.