Жаңалықтар

Экономикада өсім байқалуда

ашық дереккөзі

Экономикада өсім байқалуда

2017 жылы ЖІӨ-нің өсу қарқыны артып келеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. "Ағымдағы жылдың 5 айында ЖІӨ-нің динамикасы оң қалыптасып келеді. Мәселен, 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткіш 2016 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткішке қарағанда 4,1% өсім көрсеткен. Қысқамерзімді экономикалық индикатор - 5,8%. Өнеркәсіптегі қарқын өте жақсы - 7,8%, құрылыс 5,1%", - деді Т. Сүлейменов. Ұлттық экономика министрі сауда мен көлік салаларында инфляция деңгейі соңғы 4 айда өзгермегенін және ол 7,5%-ті құрағанын атап өтті. "Өңірлерге келетін болсақ, үш облыстан басқасының барлығында да өнеркәсіптік өндіріс жақсы өсім көрсетуде. Өнеркәсіптік өндіріс Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 100% көрсеткіштен төмен деген сандар көрсетуде. Бұл былтырғы көрсеткіштерге жете алмай келеді деген сөз. Осы тұрғыда атқарылатын жұмыс әлі жетеді", - деді ол.