Полицейді балағаттаған әйелге айыппұл салынды
Полицейді балағаттаған әйелге айыппұл салынды
Павлодарда ВКонтакте əлеуметтік желісіндегі «Типичный Павлодар" қауымдастығында полиция қызметкерлерін балағаттағаны үшін 26 жастағы азаматша жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Baq.kz.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол өзінің әрекеттері заңсыз екенін сезіне отырып, полиция қызметкерлерінің ар-намысына тіл тигізгісі келген, осы ретте дөрекі лексиканы қолданған.
"Жұрттың алдында әлеуметтік желі арқылы билік өкілдеріне тіл тигізген. Қамауға алынған азаматша өз кінәсін мойындады. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 378-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тағайындалды", - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.
Айта кетейік, заң негізінде кінəліге 300 АЕК-ге дейін айыппұл төлеу түрінде жауапкершілікке немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына, немесе 240 сағаттық мерзімге дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартылу қарастырылған. Сонымен қатар, 75 тәулікке дейін қамауға алыну жазалары қаралуы мүмкін.
Еске сала кетсек, бұл тектес оқиға Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылында болған. 32 жастағы тұрғын полиция қызметкерінің УАЗ маркалы көлігінің төбесіне шығып, селфи жасап, əлеуметтік желіге салған. Сонымен қатар, тəртіп сақшысына сөз келтірген. Нəтижесінде əкімшілік жауапкершілікке тартылып, полицейлерден кешірім сұраған.