Жаңалықтар

ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов генерал-полковник атанды

ашық дереккөзі

ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов генерал-полковник атанды

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа полиция генерал-полковнигі атағы берілді. Президент сайлауынан кейін өз лауазымына қайта тағайындалған ІІМ басшысы полиция генерал-лейтенанты болатын.

Бұндай Жарлыққа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы бұған дейін 2-ші дәрежелі «Данқ» ордені, «Астана» медалімен, "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін", "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері", "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтой медальдары, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгілері сынды Мемлекеттік наградалармен наградталған.

2011 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымында.