Жаңалықтар

ЭКСПО дәмханасы: 1 шыны шырын - 1200 теңге

ашық дереккөзі

ЭКСПО дәмханасы: 1 шыны шырын - 1200 теңге

ЭКСПО-2017 кешеніндегі дәмханалардың біріндегі бағалар келушілерді шошытты. Қонақтардың бірі ас мәзірінің суреттерін әлеуметтік желілерде жариялауда деп жазады Объектив.kz. Ас мәзіріндегі тағамдардан ешқандай артықшылықтар мен ерекшеліктерді таппайсыз. Алайда, бағалары бірнеше есеге қымбаттаған. Мәселен, Tayqazan дәмханасынан 1 стакан компот ішкіңіз келсе 1200 теңге төлеуіңіз қажет. Қарапайым сусындардың құны алкогольді сусындардың бағасымен бірдей. Ал, ыстық тағамдар туралы айтудың өзі артық. Мұнда қуырдақ - 6500 теңге, тауық етінен әзірленген палау 3200 теңге тұрады.