Қарағандыдағы малдардың жаппай қырылуына пастереллез ауруы себеп болған

Қарағандыдағы малдардың жаппай қырылуына пастереллез ауруы себеп болған

Қарағандыдағы малдардың жаппай қырылуына пастереллез ауруы себеп болған
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында пастереллезден 96 бас ірі қара мен 6 торай қырылған, – деп хабарлайды Астана арнасы. Қырылған малдардағы пастереллез ауруы екендігін Ветеринариялық зертхана мамандары растады.  3 ауылда осы дертпен 237 бас мал ауырған. Жергілікті билік өкілдері бүгінде ірі қараның өлімі тоқтағанын айтып отыр. Ал ауру малдың еті саудаға түсуі мүмкін емес деді. Өлген мал тәртіпке сай көмілген. Ауру малды емдеуге қаражат жеткілікті көрінеді. Ал өтемақы барлығына берілетіні бұған дейін айтылған болатын. Айта кетейік, маусым айының басында Қарағанды облысының екі кентінде жаппай малдың қырылуы тіркелген болатын. Облыстың Нұра ауданындағы Мыңбаев және Заречный ауылдарында біраз мал арам өліп, тағы біршамасы індетке шалдыққан.