Бюджет қаржысына салынған кәсіпорындардың барлығы бірдей жұмыс істемейді
Бюджет қаржысына салынған кәсіпорындардың барлығы бірдей жұмыс істемейді
Бюджет қаражатына салынған бірсыпыра кәсіпорынның төрттен бірі ғана жұмыс істейді. Көбісі нарықтағы тербелістерге төтеп бер алмай, тоқтап қалған. Бүгін есеп берген Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай деді Astanatv.kz
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында елде жүздеген кәсіпорынның "тұсауы кесілгені" есте. Бүгінде 72 зауыттың 19-ы ғана жұмыс істейді. Оның өзінде толық қуатқа көшпеген. Кейбіреуі тіпті жабылады. Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі: 6-7 кәсіпорынның қайта жұмыс істеуі екіталай. Президенттің тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін осы кәсіпорнындардың 50 пайызын "тірілту" керек. Әкімдіктермен, кәсіпорын қожайындарымен бірлесіп үш жақты меморандумға қол қойдық. Жыл соңына дейін 50 пайызы іске қосылады деп ойлаймын. Сондай ақ, Қасымбек "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" алғашқа жарна көлемін 50 пайыздан 30 пайызға түсіргенін айтты. Одан төмен түсіру мүмкін емес, деді. Ал жаңа көлікті несиелендіруге 10 млрд теңге бөлінуі мүмкін. Ұсыныс үкіметте қаралмақ. Көлік несиесінің пайыздық үстемақысын субсидиялауға екі жыл ішінде 26 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 9 мың адам отандық көлікті тізгіндеген.