Жаңалықтар

Испанияның Каталония аймағы тәуелсіздік алғысы келеді

ашық дереккөзі

Испанияның Каталония аймағы тәуелсіздік алғысы келеді

Испанияда Каталония аймағының билігі 1 қазанда тәуелсіздік жөнінде реферндум өткізбек. Бұл туралы осы өңірдің басшысы Карлес Пучдемон мәлімдеді. Оның айтуынша, шешім біржақты қабылданған. Өйткені ресми Мадридпен мәселеде келісімге келе алмаған. Ал ел билігі референдумды заңсыз деп, оны өткізуге жол бермейтінін жариялады. Каталония – Испанияда халқы тығыз орналасқан әрі өркендеген өңір. Елдегі өндірілетін өнімнің едәуір бөлігі осы аймақтың еншісінде. Сондықтан 2008 жылы дағдарыс кезінде халықтың бөліну ниеті күшейген. Бірақ конституциялық сот референдум өткізуге жол бермей келеді. Карлес Пучдемон, Каталония президенті: – Орталық билікпен референдум өткізу туралы келісімге келу үшін барлық күшімізді саламыз. Егер оң жауап болмай, заңдық тұрғыда қаралмаса, Каталонияның тәуелсіздігі үшін соңғы қадам жасауға дайынбыз. Иниго Мендес, Испания үкіметінің өкілі: – Үкімет елдің тұрақтылығына нұқсан келетін кез келген іске, яғни заңды бұзушы басқа қадамдарға жауап бергендей әрекет ететін болады.