АҚШ прокурорлары Трампты сотқа тартпақ
АҚШ прокурорлары Трампты сотқа тартпақ
АҚШ-та екі прокурор президент Дональд Трамптың үстінен шетелдік кірістері үшін сотқа шағым түсірмек деп хабарлайды Хабар24.
Мэриленд штатының прокуроры Карл Рейсин мен Колумбия округының өкілі Брайан Фроштың айтуынша, Трамп сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды бұзған. Өйткені ол билік басына келгеннен кейін өзінің жеке кәсібін ұлдарына беретінін мәлімдесе де онымен айналысуын тоқтатпаған.
Айыптаушылардың мәлімдеуінше, егер федералды сот істі қарауға кіріссе Ақ үй басшысы сыртқы сауда келісімдері көлемін бағалау үшін салық декларацияларын жариялауы керек. Сондықтан іс жоғарғы сотқа дейін жетеді деген болжам бар. Ал АҚШ заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге шетелдік үкіметтерден сыйақы алуға тыйым салынған.