Жаңалықтар

Сеул университетінде жарылыс болды

ашық дереккөзі

Сеул университетінде жарылыс болды

Бүгін Оңтүстік Кореядағы Ёнсе университетінде жарылыс болып, бір мұғалім зардап шекті. Полиция бұл оқиғаның террористік шабуыл болуы мүмкін екендігін айтады, деп хабарлайды ТАСС. KBS телеарнасының дерегі бойынша, жарылыс жергілікті уақытпен таңғы сағат 08:41-де Ким есімді университет профессоры белгісіз біреу кабинетінің есігіне іліп кеткен қорапты ашқан кезде болған. Ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Алынған жарақаттар зардап шегушінің өміріне қауіп келтіріп жатқан жоқ. Оқиға орнына полицей арнайы жасағы келді. Тергеушілер оқиғаның себебін анықтауда