Жаңалықтар

ЭКСПО павильондарын аралап жүрген Амантай қажы "Коррупция жойылсын!" деп ұрандады

ашық дереккөзі

ЭКСПО павильондарын аралап жүрген Амантай қажы "Коррупция жойылсын!" деп ұрандады

Аса таяғы қолынан түспей, "Аттан, қазаққа" басып жүретін Амантай қажы ЭКСПО көрмесіне келген. Қатты сөйлеп, жұртты аузына қаратқан қажымен қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де суретке түсуге асығып жүр, деп хабарлайды "Sputnik Қазақстан". "ЭКСПО көрмесінде үшінші күн жүрмін. Көрме керемет. Қазақстанның павильонында болдым. Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Жапония павильндарында мені жақсы қарсы алып, сый-құрмет көрсетті. Астанада мынадай тамаша дүниежүзілік той өтіп жатыр. Мереке құтты болсын. Президентімізге арнайы жұма күні "Хазірет сұлтан" мешітінде бата оқыдым. Қазақ халқынан шыққан бірінші Елбасы, Тәуелсіздіктің туын көтерген президентіміз аман болсын!", — деді "Аттан, Қазақстан!" қозғалысының жетекшісі Амантай қажы. Осыдан кейін Амантай қажы әдетінше аса таяғын көкке көтеріп, кіжіне сөйлеп кетті: "Мафия, коррупция жойылсын! Мен жағымпаз емеспін! Қазақтың қазіргі жағдайын білесіңдер, көп бастықтар елімізді тонап, қашып жүр! Назарбаев соларды ұстасын! Мынадай ұлы байлық тек қана Қазақстанда бар! Қазақстан мәңгі-бақи ұлы мемлекет болсын!". Мұнымен қоймай, Амантай қажы сөз соңында қазақ елінің әнұранын орындап берді. Осылайша, "Аттан, қазаққа" басқан қажымен көрмеге келген үлкен-кіші суретке түсуге асықты. Олардың арасында шетелдіктер де көп.