Мектеп директоры демалыста смартфон қолданбаған оқушыларға 100 доллар төлемек
Мектеп директоры демалыста смартфон қолданбаған оқушыларға 100 доллар төлемек
АҚШ астанасындағы жеке орта мектеп директоры Диана Смит оқушылар жазғы демалыста гаджеттерді қолданбайтын болса, оларға 100 доллар көлемінде ақша төлеуге уәде берді. Бұл туралы The Washington Post газетіне сілтеме жасап Риа Новости агенттігі хабарлады.
Смит балаларға алдымен жаздың әрбір сейсенбісін ұялы телефон мен өзге де электронды құралдарсыз өткізуді ұсынғанын айтады. Ата-аналар ұстаздың бұл бастамасын бірауыздан қолдаған.
9 жылдан астам уақыттан бері білім беру мекемесін басқарып келе жатқан Смит жыл сайын жағдайдың күрделеніп бара жатқандығын айтады. Балалар интернетте түннің бір уағына дейін отырып, бір-біріне хабарлама жазудың салдарынан ұйқылары қанбай шаршап жүретін көрінеді. Ұстаз оқушылардың гаджеттерді аптасына бір күн болса да пайдаланбағаны үшін ақшаны қалтасынан төлеуге дайын.