Ресейдің намысын қорғаған тараздық шахматшы ерлер арасында шебер атанды
Ресейдің намысын қорғаған тараздық шахматшы ерлер арасында шебер атанды
Ресей атынан шыққан Қазақстанның шахматшысы Бибісара Асаубаева халықаралық шахмат федерациясында ерлер арасында шебер атанды.
“Минскте өткен ерлер арасындағы Европа чемпионатында Тараз қаласының 13 жасар тумасы Бибісара Асаубаева халықаралық ерлер шеберінің стандартын орындап, автоматты түрде халықаралық шахмат федерациясының ерлер шебері атанды”, – деп жазады Facebook желісінде «Казконтент» АҚ басқармасының орынбасары Марат Иғали.
Бибісара Таразда туған, Қазақстанның намысын қорғап, 4 рет жеңіске жеткен. Алайда қазіргі уақытта Ресей атынан шығып жүр.
Дереккөз: stan.kz