Аралдың жағдайы Гуттеришті есеңгіретті

Аралдың жағдайы Гуттеришті есеңгіретті

Аралдың жағдайы Гуттеришті есеңгіретті
ашық дереккөзі
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш Арал теңізін адамзаттың қолымен жасалған күйреу символы деп атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агеттігі. А.Гуттериш сапармен Орталық Азияда жүр. Жұма, 9 маусым күні ол Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Сенбі күні Гуттериш Өзбекстанда болып, тікұшақтан Арал теңізінің акваториясын шолып шыққан. "Кезінде көлемі бойынша төртінші жабық теңізі болып, ал қазір құрғап қалған  Арал теңізіне бару қатты есеңгіретті", — делінген мәлімдемеде. Оның атап өтуінше, Арал теңізінің трагедиясы климаттың өзгеруінен емес, су ресурстарын дұрыс басқармау салдарынан болған екен. "Арал теңізі планетаның адамзат қолымен жасалған күйреу символы болып, Климат бойынша париждік келісімді орындауға бүкіл халықаралық қауымдастықты жұмылдыру үшін баршамызға сабақ болсын", — дейді бас хатшы. Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында орналасқан. Кезінде ол аумағы бойынша дүние жүзіндегі төртінші ірі теңіз болған. Алайда соңғы 40 жыл ішінде теңіз ауданы екі есеге дерлік азайып, оның тұздылығы артқан. Балық жоқ болып кетті. 1993 жылы Орталық Азия елдері Аралды құтқару бойынша Халықаралық қор құрған.