НЗМ оқушылары 2067 жылғы оқушыларға арнап хат жазады
НЗМ оқушылары 2067 жылғы оқушыларға арнап хат жазады
Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары 2067 жылғы оқушыларға хат жазып қалдырады, деп хабарлайды altaynews.kz.
Олар хатты «Баспа үйі» форматында ұйымдастырылған жазғы мектеп жұмысы кезінде әзірлейді. Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, балалар «Өнер». «Ғылым», «Әлем және мәдениет» сияқты бірнеше бағытта жұмыс істейді.
Олар мектептің, ел мен әлемнің даму жолдарын әртүрлі қырынан қарап, болашаққа хат жазарда сыни ойлап әрі креативті болулары қажет. Сол арқылы болашаққа көз салу оқушылардың өздерін де қызықтырған сыңайлы. Ақыр соңында олар елу жылдан кейінгі құрбыларына хат жазып тастап кетпек.
Оқушылар өздерінің жетекшілерімен көбірек әрі нақты деректер жинау мақсатында мектепке мамандарды шақырады, әдебиеттерді оқиды, түрлі ерлерді аралайды. Жинаған мәліметтерін өңдеп, мәтін түзеді. Шетелдік және отандық жетекшілерімен және 11 сыныптың еріктілерімен жұмыс істеген балалар мақалаларын үш тілде: қазақ, ағылшын, орысша жазып, сурет пен бейнематериалдармен толықтырады. «Жиналған мәліметтер капсулаға орналастырылып, мектептің жаңа ғимаратының ауласына көміледі, оны 50 жылдан кейін ашып, оқығандар қазіргі адамдардың қалай өмір сүргенінен хабардар болады», - дейді мектеп директоры Күлфарида Райысова.