Амстердамда автокөлік сегіз жүргізушіні қағып кетті
Амстердамда автокөлік сегіз жүргізушіні қағып кетті
Амстердамда вокзалдың тап алдында полицейлерден қашпаққа әрекеттенген жүргізуші бір топ адамды қағып кетті. Бұл туралы BNO News хабарлады.
Полиция өкілінің сөзін қарағанда, сегіз адам зардап шеккен, екеуінің жағдайы ауыр. Бұл оқиға 10 маусымда кешкілік, полицейлер рұсат етілмеген жерге қойылған автомобильге жақындаған кезде болғаны хабарланып отыр.
Жүргізуші қашуға әрекет жасағанда бірнеше жаяу жүргіншіні қағып өтіп, қабырғаны соққан. Ер адам қолға түсті, оның автомобилі тексерілді. «Біз күдіктімен сөйлестік. Ол бұл әрекетін әдейі жасамаған»,-деді полицейлер. Келеңсіз жағдайдың «террозизмге ешқандай қатысы жоқ». Вокзал алдындағы алаңның біршама бөлігін полицейлер қоршауға алды.