Жаңалықтар

Б.Сапарбаев: Өзімізді ойламасақ та, балаларымыздың болашағын ойлайық

ашық дереккөзі

Б.Сапарбаев: Өзімізді ойламасақ та, балаларымыздың болашағын ойлайық

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Темір ауданында екпеден бас тартып отырған балалардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдіруде, – деп хабарлайды Nur.kz ақпараттық порталы. Ақтөбедегі ең алғашқы құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл осы Темір ауданының Шұбарши ауылында жасалған болатын. Дәл осы ауданда бүгінде екпеден бас тартқан 310 бала бар. «Тәртіп болу керек, тәртіпсіз болмайды. Өкінішке орай, Темір ауданында 310 бала екпе жасатпаған. Олардың саны төмендеудің орнына көбейіп тұр. Өзімізді ойламасақ та балаларымыздың болашағын ойлайық», – деді Темір ауданының халқымен кездескен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек  Сапарбаев. Сонымен қатар, облыс әкімі мектептерге қара киініп баратын оқушылардың бар екенін де жасырған жоқ. «Кішкентай қыз баланы қап-қара киіммен мектепке жіберу не деген сұмдық? Мемлекет басшысы қазақтың қай кезде қара киетінін айтты. Қазақ қай заманда да қара киім кимеген. Осы жағына қарауымыз керек, ертең кеш болады. Бұрынғы болған оқиғаларды есімізден шығармауға тиіспіз. Оларға қатысты құдайдың құтты күні шара қолдануымыз керек», – деді Бердібек Сапарбаев. Өз сөзінде Бердібек Сапарбаев баласына қол көтерген аналарды шетелдегідей жауапқа тарту керектігін айтты. «Басқа балалар екпе алып жатқанда неге олар алмау керек? Олар заңның алдында жауап береді. Қазір заңға өзгеріс енгізуге ұсыныс жасап жатырмыз. Заңға өзгеріс енгізбей болмайды. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы үшін жауап беру керек. Шетелде баланың басынан бір ұрсаң кемі 30 күн отырғызып қояды. Бізде де солай болу керек. Ата-ана баланың болашағына жауап береді», – деп атап өтті Бердібек  Сапарбаев.