Консерваторлар британ парламентінде басымдықтан айрылды

Консерваторлар британ парламентінде басымдықтан айрылды

Консерваторлар британ парламентінде басымдықтан айрылды
ашық дереккөзі
Ұлыбритания парламенті қауымдар палатасына мерзімінен бұрын сайлаудың алдын ала нәтижелеріне сүйенсек, бойынша премьер-министр Тереза Мэйдің Консервативтік партиясы парламенттегі басымдығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы британ ақпарат құралдарына сілтеме жасап centralasian.org хабарлады. 
Дауыстарды санау әлі толық аяқталмады. Бірақ торилер 318-ден 322-ге дейін депутаттық мандат алулары мүмкін. Басымдықты сақтап қалу үшін, олар кем дегенде 326 орынға ие болу керек. Консерваторлардың басты қарсыласы Лейбористік партия кем дегенде 267 мандатқа ие болады. Бұл алдыңғы сайлауға қарағанда 35 орынға көп деген сөз. Дәл екі апта бұрын, радикалды солшыл көзқарастағы Джереми Корбин жетекшілік ететін партияның сайлаудан жақсы көрсеткішке жететінін ешкім болжамаған еді. Корбин Мэйдің отставкаға кетуін талап етіп үлгерді. Бірақ Мэй өзінің партиясы әлдеқайда көп дауыс жинағанын, премьер орынтағында қала беретінін айтты. Тереза Мэйге солтүстік ирландиялық Демократиялық юнионистік партия көмектесетінін білдірді. Егер олар парламенттен орын алатын болса, консерваторлармен келіссөзге келетінін жеткізді. Бірақ Мэйдің де отставкаға кету мүмкіндігі зор дейді сарапшылар. Джереми Корбин жетекшілік ететін Лейбористік партия билікке келген жағдайда, Еуроодақпен еркін сауда аймағын сақтауға тырысамыз дейді. Либералды демократтар брекзит жөнінде жаңа референдум өткізуді талап етсе, Шотландия ұлттық партиясы елінің тәуелсіздігі үшін тағы да референдум өткізуді ұсынады.