ҚТЖ ресейлік нарыққа облигация орналастырды
ҚТЖ ресейлік нарыққа облигация орналастырды
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ресейлік нарыққа жалпы сомасы 15 млрд рубльдің облигациясын бес жылға, купондық негізде, 8,75 пайыздық кірісімен шығарды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Шараны «Halyk Finance» АҚ, «Газпромбанк» АҚ, «Аймақ» Брокерлік компаниясы» ААҚ, «Ренессанс Брокер» ААҚ ұйымдастырды. Аталмыш шығарылым Ресей нарығына жолданып отырған ТМД аумағындағы мемлекеттер арасында алғашқы эмитент.
Оған инвесторлардың қызығушылығы басым. Бұл өз кезегінде Ресейдің ірі компанияларының деңгейінде бекітілген кірісі мол, әрі алғашқы көрсетілген сомадан жоғары болатын сұранысқа ие.
Мұндай келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдері аясындағы маңызды шешім ғана емес, отандық эмитенттің валюта түрінде жаңа нарыққа жол ашуы болып табылады. Болашақта ол қазақстандық компанияларға Ресей ақшасына батыл бағыт ұстауына болатындығын дәйектейді.
Айта кетерлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекеттік қордың 100 пайыздық қатысуымен вертикальды ықпалдасқан көлік-логистикалық холдингі болып табылады.