Хрущевтің немересі пойыз астына түсіп көз жұмды

Хрущевтің немересі пойыз астына түсіп көз жұмды

Хрущевтің немересі пойыз астына түсіп көз жұмды
ашық дереккөзі
Никита Хрущевтің немересі Юлия Хрущева Мәскеуде электричка астына түсіп қаза тапты. Бұл туралы Ресей астанасының төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады.  «Бейсенбі күні таңертең 77 жасар Юлия Хрущева «Мичуринец» платформасында электричка астына түсіп, қаза тапты», - деді агенттіктің сұхбат берушісі. Агенттік берген мәлімет бойынша, егде жастағы әйел теміржолдың жаяу жүргіншілерге арналмаған тұсынан өткен. Ресей ІІМ ОФА бойынша тасымалдау басқармасы баспасөз қызметінің ТАСС агенттігіне хабарлауынша, теміржол арқылы өткен әйелдің өлімге әкелетін жарақат  алғандығы анықталған. Юлия Хрущева - КОКП ОК бірінші хатшысы Никита Хрущевтың ұлы Леонид Хрущевтың қызы. Леонид Хрущев із-түссіз жоғалып кеткеннен кейін, Никита Хрущев немересін асырап алған.