Қазақстанға Қытайдың 51 зауыты көшіп келеді

Қазақстанға Қытайдың 51 зауыты көшіп келеді

Қазақстанға Қытайдың 51 зауыты көшіп келеді
ашық дереккөзі

Жақында Қазақстандағы қытайлық бизнесмендердің саны еселеп артпақ. Көрші мемлекеттің 51 компаниясы елімізге көшіп келмекші. Екі ел арасындағы алыс-берісті бүгін Астанаға ресми сапармен келген Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпи мен Нұрсұлтан Назарбаев талқыға салды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл кездесуі - ресми келіссөзіне қарағанда, ескі екі достың ашық әңгімесіне ұқсады. Өйткені, олар жүздесу кезінде бір-біріне жақын жолдас, сенімді серік екендерін жиі қайталады. Қытайлық қымбат қонақүйге жайғасқан Си Цзиньпин болса, Астанада өз үйінде жүргендей сезініп жүргенін айтып ағынан жарылды.
Оның үстіне мәртебелі мейман Арқа төсіне осымен үшінші рет табан тіреп отыр. Дүниежүзінде экономикасы жедел дамып жатқан Қытай мен Қазақстанның алыс берісі жыл санап артуда. Коммерциядан бөлек, екі жақтың да өз геосаяси мүддесі бар. Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаев мұндай тығыз әріптестікті «жылдар бойғы келіссөздердің нәтижесі» деп атады. Си Цзиньпиннің осы іссапарынан кейін аспан асты елінен келетін кәсіпкерлердің саны еселеп артқалы тұр. Өйткені, құны 28 миллиард доллар болатын 51 қытайлық зауыт елімізге көшіп келмек. Сондай-ақ, тараптар кейбір ортақ жобаларды салықтан мүлдем босатуға келісті. Ал Ақтөбе облысында жұмыс істеп жатқан қытайдың алпауыт мұнай компаниялары  келісім мерзімін тағы ұзартуды сұрап отыр екен. Бұл ұсынысты Назарбаев мұқият зерделейтінін айтты. Қазақстан мен қытай арасындағы байланысты мұнайдан кейін сауда-саттық жалғастырып тұр. Былтыр алыс-беріс 8 миллиард долларға жуықтаған. Яғни тауар айналымы 30-40 пайызға өскен.