Елбасы ШЫҰ Саммитінің қатысушыларына арналған концертті тамашалады

Елбасы ШЫҰ Саммитінің қатысушыларына арналған концертті тамашалады

Елбасы ШЫҰ Саммитінің қатысушыларына арналған концертті тамашалады
ашық дереккөзі
Елбасы ШЫҰ Саммитінің қатысушыларына арналған концертті тамашалады. Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысушыларға арналған концертке қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Концертте қазақтың халық әндері және әртүрлі елдердің әуендері, сондай-ақ әлемге әйгілі классикалық шығармалар орындалды. Шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белгілі шығармашылық ұжымдары қатысты. Олардың қатарында, «Астана Опера» опера және балет театрының симфониялық оркестрі, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры мен «Астана Балет» театрының топтары, сондай-ақ М.Пятницкий атындағы Мемлекеттік академиялық орыс халық хоры (Ресей), «Надам» би ұжымы (Үндістан), «Акак» қомызшылар ансамблі (Қырғызстан), Чжэцзян провинциясының акробаттық өнер труппасы мен Қытайдың опера және би мемлекеттік театры, «Гүлрез» би ансамблі (Тәжікстан), «Өзбекстан» ән мен би мемлекеттік ансамблі бар.