Адам даму индексі бойынша Қазақстан 56-орында

Адам даму индексі бойынша Қазақстан 56-орында

Адам даму индексі бойынша Қазақстан 56-орында
ашық дереккөзі
Адам әлеуеті бойынша Қазақстан 5-орында, оның алдыңғы жылы да дәл осы орынға жайғасқан еді. Назарбаев Университетінде ҚР Парламент өкілдерінің, негізгі министрліктер мен ведомстволардың, академиялық қоғамдастық және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен 2016 жылғы Адам дамуы туралы жаһандық, өңірлік және ұлттық есептердің тұсаукесері өткен болатын. Сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ әкімшісінің көмекшісі және Еуропа мен ТМД бойынша аймақтық бюросының директоры Джихан Сұлтаноғлы ханым, Қазақстандағы ЭКСПО-2017 Бас комиссары да қатысты. Сарапшылардың баяндамасына сәйкес, адам дамуының тұжырымдамасы экономикалық дамудың негізгі мақсаты ретінде ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнім) өсуін емес, адамның даму мүмкіндігі мен оның әл-ауқатын қояды. Бұл орайда, ЖҰӨ-ге қарама-қарсы адам даму индексі (АДИ) құрылды. Сарапшылар адам даму индексі адамның әлем елдерінде және өңірлерінде дамуын сипаттайтын құрама көрсеткіш болып табылатындығын нақтылады. БҰҰДБ сарапшылары бұл көрсеткішті болжалды өмір сүру ұзақтығы, білім беру деңгейі және өмір сүру деңгейі сияқты көрсеткіштерді салыстыру арқылы екі ел арасындағы өмір сүру деңгейін салыстыру және өлшеу үшін жыл сайын есептейді. «Барлық үш есепте адам дамуының игіліктері әділетті үлестіріліп, ешкімді назардан тыс қалдырмауды қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінген. Бұл жалпы әлемде де, Қазақстан сияқты орташа табыс деңгейі (орташадан жоғары) бар елдерде де өте маңызды», – деді Джихан Сұлтаноғлы ханым. 2016 жылғы АДИ рейтингісінде Қазақстан 2015 жылы сияқты 56-шы орынға ие болып, адам әлеуетінің даму деңгейі жоғары елдер санатында орын тапты. 2015 жылмен салыстырғанда, индекстің жеке көрсеткіштері бойынша оң өзгеріс байқалуда: өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 69,6 жылды (2015 жылы - 69,4 жыл) құрады, оқуға кеткен жылдардың жалпы саны - 11,7 жыл (2015 жылы – 11,4 жыл), жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім 22 093 долларды (2015 жылы 20,876 долларды) құрады. Адам дамуы тұжырымдамасының үдемелі маңыздылығы тұрғысынан осы есептер әрдайым теңсіздік, кең мағынадағы құқықтар мен мүмкіндіктердің кеңеюі сияқты күннен-күнге маңызды болып жатқан тұрақтылық салаларын қамтиды.