Шетелдікті алдаған такси жүргізушісі ақшаны кері қайтарды

Шетелдікті алдаған такси жүргізушісі ақшаны кері қайтарды

Шетелдікті алдаған такси жүргізушісі ақшаны кері қайтарды
ашық дереккөзі
Шетелдікті әуежайдан қалаға жеткізгені үшін жолаушыдан 40 мың теңге алған такси жүргізушісі ақшаны қайтарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық порталы. Порталдың хабарлауынша, бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеген.  Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер Венгрияның 40 жастағы азаматын әуежайдан қалаға жеткізіп, өз қызметі үшін 40 мың теңге алып кеткен астаналық такси жүргізушісі келтірілген залал мөлшерін толығымен өтегенін хабарлады. «Шетелдік азамат қонақүйге келген кезде ресепшннен такси құны қанша тұратынын сұраған, сол жерде ол таксиге көп ақша беріп қойғанын түсінген. Осыдан кейін ол полицияға барып шағымданған», – дейді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер. Еске салайық, Венгрия азаматын әуежайдан қалаға жеткізген астаналық такси жүргізушісі алдап кеткен еді. 6 маусымда 14.00-де полицияға Венгрия азаматы шағым түсірген, ол белгісіз такси жүргізушісінің алаяқтық жолмен 40 мың теңге иемденіп кеткенін айтқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында "Сарыарқа" ІІБ полицейлері 33 жастағы жүргізушіні ұстаған, ол шетел азаматын алдап, әуежайдан Желтоқсан көшесінде орналасқан қонақүйге жеткізгені үшін көп мөлшерде ақы алған. Такси жүргізушісі аккредитациядан өткен, жеке адам тасуға құқығы бар екені анықталды. Осы дерек "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген. Айта кетейік, такси жүргізушісінің бұл әрекеті бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі такси жүргізушісінің бұл ісін айыптаса, енді бірі шетелдік қонақ әуелі бәрін біліп алуы керек еді деген пікірлер қалдыруда.