Елордаға Моңғолия президенті келді
Елордаға Моңғолия президенті келді
Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға Моңғолия елінің Президенті Цахиагийн Элбэгдорж мырза келді.
Цахиагийн Элбэгдоржтың ұшағы Астана әуежайына келіп қонды. 2009 жылдан бері Моңғолия елін басқарып отырған мәртебелі мейман Қазақстанға алғаш рет келіп отыр.
2004 жылы Ташкент қаласында өткен саммит барысында Моңғолия Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушысы болып атанған бірінші мемлекет болды. Содан кейін моңғолиялық делегаттар ұйымның бірқатар шарасына қатысты. Мәселен, 2010 жылы Ұланбатыр қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының іскерлік кеңесі де өткен болатын. Ал сол кездегі сыртқы істер министрі мүше елдердің ғалымдарының форумын Ұланбатырда өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын. Кейін де шетелдік дипломаттар Моңғолияның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы рөлін арттыру туралы сөз қозғаған.
Тек ағымдағы жылдың 3 айында екі елдің тауар айналымы 15 млн долларды құрады. Ал «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақстан темір жолы» сынды алып компаниялардың басшылары Моңғолияға отандық өнімдерді экспорттау туралы келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық салада ҚР мен Моңғолия арасында 8 келісімшартқа қол қойылды.