Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін медалі белгіленді
Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін медалі белгіленді
ҚР Президенті Жарлығымен Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі белгіленді. Құжат нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің порталында жарияланды.
Сыйлық әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлеріне, қоғам және саяси қайраткерлерге дінаралық диалогты нығайтуға қосқан аса көрнекті үлесі үшін тағайындалады. Ол үш жылда бір мәрте ғана бір адамға беріледі.
Сыйлықты бір адамға қайталап беруге жол берілмейді. Сыйлық тағайындалған адамға 20 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырады.
Еске сала кетсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Астанада 2003 жылдан бастап ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің көрнекті өкілдерінің қатысуымен үш жыл сайын өткізіліп тұрады.