Роналду табысы көп ойыншы атанды. Forbes журналының нұсқасы бойынша мадридтік «Реал» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ең қымбат ойыншылар тізімінің көшін бастады, деп хабарлайды ТАСС.
Өткен жылы португальдық футболшы $93 млн табыс тапқан. Тізімнің екінші орнына Ұлттық баскетбол қауымдастығы «Кливленд» клубының ойыншысы Леброн Джеймс ($86,2 млн) жайғасқан. Үздік үштікті «Барселона» футбол клубының ойыншысы Лионель Месси ($80 млн) түйіндейді.