Иранда атыс: парламентке және Хомейни кесенесіне шабуыл жасалды

Иранда атыс: парламентке және Хомейни кесенесіне шабуыл жасалды

Иранда атыс: парламентке және Хомейни кесенесіне шабуыл жасалды
ашық дереккөзі
Тегеранда белгісіз біреулер бір уақытта Иран парламентіне және танымал туристік Хомейни кесенесін шабуылдаған. Нәтижесінде бірнеше адам жараланған. Құрбан болғандар саны әзірге белгісіз. Иранның жаңалықтар агенттігі екі шабуыл да бір мезгілде, сағат 10.30 шамасында болғанын хабарлайды. Қарулы адамдар парламенттегі күзетшілерге қарсы оқ атқан. Хомейни кесенесінде шабуылдаушы өзін жарып жіберген. ILNA агенттігінің хабарлауынша, екі күдіктіні ұстап үлгерген. Иранның парламент депутаты Элиас Хазрати мәжіліске қаруланған үш адамның кіріп келгенін хабарлады. Шабуылдан кейін ғимараттың есігі жабылған. Іштегі барлық қызметкерлер, депутаттар әзірге парламент ішінде. Иранның барлық үкімет ғимаратына ұлттық гвардияның әскері кіргізілген.