«Эйр Астана»: Бала қауіпсіздігі – басты назарда

«Эйр Астана»: Бала қауіпсіздігі – басты назарда

«Эйр Астана»: Бала қауіпсіздігі – басты назарда
ашық дереккөзі
«Эйр Астана» әуе компаниясы ересектер ғана емес, кішкентай жолаушыларды да естен шығарған емес. 1 маусым балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай «Эйр Астана балаларға» атты шара өткізген әуе компания сапарға шықпас бұрын кез келген ата-ананың назарда ұстауы тиіс түйткілдерді еске салды. Жаз мезгілі де келіп жетті. Балаларды қуантатын уақыт. Демалыс кезінде ел көріп, жер шарлағанға не жетсін? Алайда шетелге жол түсе қалса, баламен сапар шегуден тартыншақтайтынымыз жасырын емес. Неге? Әрине, оның түрлі себебі бар. Алыс жолға шығар алдында ең бастысы, сенімділік керек. Кез келген жолаушы әуелі сапалы қызмет көрсететін және қауіпсіз әуе компаниясын таңдайды. Ол өзіндік зерттеу жүргізу барысында қай әуе компаниясының балалар  қауіпсіздігіне аса мән беретінін, балалар үшін қандай жеңілдіктер қарастырылғанын назарда ұстайды. Сондай-ақ, ұзақ сағаттық ұшу кезінде кішкентай жолаушылардың көңілін аулайтын дүниелер ұсыныла ма, жоқ па, бұл жағын білу де маңызды. Міне, содан кейін ғана жолаушы сенімді түрде әуе компаниясына билетке тапсырыс береді. Мәселен, сіз билет алған кезде-ақ жаныңызда балаңыздың бар екенін ескертуіңіз керек. Алдын ала нәресте жататын төсектің қажет болатынын да  құлағдар етіңіз. Егер балаңыз ермек қылатын ойыншығын үйге қалдырып кетсеңіз, уайымдайтын дәнеңе жоқ. «Эйр Астана» әуе компаниясы ұшақтарында жас ерекшелігіне қарай балалар уақытын қызықты өткізетін сөмкешелер беріледі. Мұның іші бояйтын кітапша, қаламсап, баланың дүниетанымын кеңейтетін танымдық дүниелерге толы. Бұдан бөлек ішкі рейстерде 2 жастан 14 жасқа дейінгі балалар 50 пайыз жеңілдікпен ұша алады. «Эйр Астана» әуе компаниясының борт өнімдері жөніндегі директоры Елена Обухованың айтуынша, 11 жасқа дейінгі балалар үшін халықаралық рейстерге жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ, кейде балалардың жалғыз ұшатын кездері де болады. Мұндай кезде әуе компания баланы діттеген жеріне, тиісті адамның қолына табыс етілуіне де жауапты. Тағы бір айта кетерлігі, «Эйр Астана» соңғы бес жылда онкологиялық және жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққан 900 баланы тегін жеткізген. «Эйр Астана» әуе компаниясының корпоративті коммуникация жөніндегі вице-президенті Белла Тормышева балалар үйіндегі тәрбиеленушілер мен денсаулығында кілтипаны бар балаларға ерекше қамқорлық көрсетілетінін айтады. «Арнайы дәрігерлер шақыртып, ортопедтерге қаратамыз. Қазір біз Қазақстанның аймақтарында балалар алаңқайын салуға ат салысудамыз», – деді ол. Шара соңында әкелі-балалы Мұтырғановтар «Ғажайып ұшу» атты анимациялық шоу-бағдарлама ұсынып, балақайлармен бірге ертегі әлеміне саяхаттап қайтты.