Жаңалықтар

Пайғамбар заманында қашалған құнды жәдігер көрсетіледі

ашық дереккөзі

Пайғамбар заманында қашалған құнды жәдігер көрсетіледі

22 маусым, яғни қасиетті Қадыр түнінде ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) заманында қашалған құнды жәдігер Петербург қаласы жамағатының назарына ұсынылмақ. Сирек жәдігерді Ресей еліне Сауд Арабиясындағы алғашқы елші Карим Хакимов 1926 жылы кіші қажылық сапарында әкелген көрінеді. Бір қызығы, кішкентай ғана жасыл түсті тастың салмағы 10 келіден асады. Ал, табанында Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар атынан көне хижаз тілінде Құран аяттары жазылған. Атадан балаға мирас болып келе жатқан сирек жәдігерді Кеңес Одағының алғашқы елшісі Нұр тауынан тауып алған екен. Ал, 1937 жылы елге оралғанында Хаким тасты туған бауыры Халик Хакимовке тапсырған.