Қазақстандықтар ипотекадан бас тартуда
Қазақстандықтар ипотекадан бас тартуда
Қазақстандықтар ипотекадан бас тартуда. Қазақстанда бір айдың ішінде ипотека алушылардың саны 12 пайызға төмендеп кеткен. Республиканың барлық өңіріндегі тұрғындар ипотекадан бас тартып жатыр, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.
Мамандардың айтуынша, ипотека нарығындағы мұндай төмен көрсеткіш соңғы рет 5 жыл бұрын тіркелген. 2012 жылы несие көлемі 15 пайызға дейін төмендеген.
"Ипотекалық қарыз 2017 жылдың сәуір айында 119,4 миллиард теңге болды. Былтыр сәуір айында болса, ипотека көлемі 0,1 пайызға немесе 0,6 миллиард теңгеге дейін ғана төмендеген еді", - деді сарапшылар.
Сондай-ақ, ипотекалық қарызы азайған өңірлер белгілі болды. Алғашқы үштікте Қарағанды облысы тұр. Онда ипотекалық қарыз 20,8 пайызға немесе 43,6 миллиард теңгеге азайған. Ал екінші орында ипотекалық қарызы 19,3 пайызға немесе 253,9 миллиард теңгеге төмендеген Алматы қаласы тұр. 18,9 пайызбен тұрған Қызылорда облысының тұрғындары да ипотекадан бас тартып жатыр екен. Қызылордалықтардың ипотекалық қарызы 18,9 пайызға төмендеген.