"Уважаемые начальники, стыд и позор"
"Уважаемые начальники, стыд и позор"
Парламент Мәжілісінің отырысында шенеуніктер бір мәселе бойынша екі түрлі ақпарат беріп, ұятқа қалды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин шенеуніктердің бұл шаруасын "Уважаемые начальники, стыд и позор" деп бағалады.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков Денсаулық сақтау министрлігі қызмет дефициті бойынша жоспарын орындамағанын мәлімдеген. Алайда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мұны мойындамады.
"Бізде кадр жетіспеушілігі 2095 қызмет деңгейінде болады деп жоспарланған, 2015 жылы 3015 болатын, яғни біз оны бір мыңға азайтпақ болдық. 2016 жылдың қорытындысы бойынша дефицитті 1854 қызметке төмендеттік, біз бұл көрсеткішті артығымен орындадық деген сөз", - дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин комитет төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековтен келтірген деректерін қалай дәлелдей алатынын сұрады.
"Үкіметтің берген мәліметі мен денсаулық сақтау министрлігінде расталған ақпараттар есепті даярлау кезінде сәйкес келіп тұрған. Алайда біз оны қайта тексере аламыз. Біз 2095 жоспары орындалмаған деген пікірдеміз", - деп жауап берді Есеп комитетінің төрағасы.
"В общем, уважаемые начальники большие, стыд и позор. Либо вы подписывая документы не читаете, либо не понимаете, что вы подписываете. Отправляйте в Парламент два документа, которые абсолютно друг другу противоречат", - заключил Нурлан Нигматуллин.