Катарға ультиматум қойылды. Мерзімі – 24 сағат
Катарға ультиматум қойылды. Мерзімі – 24 сағат
Сауд Арабиясы Катарға ультиматум қойды. Мерзімі - 24 сағат, бірнеше талаптар осы уақыт ішінде орындалуы тиіс. Алайда орындалмаса не болары ашып айтылған жоқ деп жазады Вести.Экономика басылымы.
Басылымның мәліметінше, дипломатиялық дағдарыстан кейін Катар саяси тұрғыдан оқшауланып қана қоймай, мұнай экспорттау мүмкіндігінен айырылды. SkyNews Arabia Сауд Арабиясының Катарға 10 шарт қойғанын хабарлайды.